Мамыр мерекелерінде ел халқы неше күн демалады

Фото:Pixabay

Биыл мамыр айында елімізде 4 мереке тойланады. Күнтізбелік есепке сәйкес, бес күндік және алты күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін азаматтардың демалыс күндері әртүрлі болады. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

Бес күн жұмыс істейтіндер үшін:

Мамыр айында төрт мерекеде демалыс беріледі.

1 мамыр (жұма) — Қазақстан халқының бірлігі күні;
7 мамыр (бейсенбі) — Отан Қорғаушы күні;
9 мамыр — Жеңіс күні (9 мамыр сенбіден 11 мамыр дүйсенбіге ауыстырылады);
27 мамыр (сәрсенбі) — Құрбан айттың бірінші күні.

Алты күндік жұмыс аптасы үшін:

1 мамыр (жұма) — демалыс, 2 мамыр (сенбі) — жұмыс, 3 мамыр (жексенбі) — демалыс;
7 мамыр (бейсенбі) — демалыс;
9 мамыр (сенбі) — демалыс, 10 мамыр (жексенбі) — демалыс, 11 мамыр (дүйсенбі) — демалыс;
27 мамыр (сәрсенбі) — Құрбан айттың бірінші күніне байланысты демалыс.

Сонда мамыр айында аптасына 5 күн жұмыс істейтіндер 14 күн демалады. Ал 6 күндік кестемен еңбек ететіндерге 9 күн демалыс қарастырылған.

https://kaz.inform.kz/news/mamirda-kazakstandiktar-neshe-kun-demaladi-31090e/

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика