Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты

    Көкшетау Венецияға айналған: орталық көшеде көлік суға батып жүр

    Көкшетау Венецияға айналған: орталық көшеде көлік суға батып жүр

    Көкшетауда жаңбыр жауса болды, көшелер суға толып, қозғалыс қиындайды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды. 

    Дулатов–Байтұрсынов–Тілеулина көшелерінің қиылысы жыл сайын қайталанатын проблемаға айналған.

    Бұл жолда жеңіл көліктердің өзі табалдырығына дейін суға кіріп кетеді.

    Тұрғындардың айтуынша, кейде су апталап тартылмай жатады.

    Себебі – бұл аумақта ливневка жүйесі дұрыс жұмыс істемейді немесе мүлде жоқ.

    Жолдың кей бөлігі брусчаткамен көтерілген, ал қалғаны үнемі су астында қалады. Жауаптылар жыл сайын «жөндейміз» деп уәде береді, бірақ нәтиже өзгермеген. Шағым көп, бірақ нақты шешім әлі көрінбейді.

    Қала орталығының өзі осындай күйде болса, шеткі аудандардың жағдайын елестету қиын.
    Бұл мәселе қашан шешілетіні әзірге белгісіз.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →