Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы •

    Талдықорғандағы клиникада 4 жасар бала биіктіктен құлап кетті

    Талдықорғандағы клиникада 4 жасар бала биіктіктен құлап кетті

    Фото: видеодан скрин

    Талдықорғанда төрт жасар бала жеке клиникада құлап, ауыр жарақат алды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

    Оқиға медициналық мекеменің баспалдағында болған. Бала екінші қабаттан құлап, миынан жарақат алған. Ол облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, онда дәрігерлер шұғыл ота жасады. Баланың жағдайы ауыр деп бағаланды.

    Сондай-ақ баспалдақ маңында қажетті қауіпсіздік қоршаулары болмаған — тек тұтқалар орнатылып, саңылауы ашық қалды. Оқиғадан кейін ғимаратта жедел жұмыс жүргізіліп, қосымша тосқауылдар орнатылып, қауіпті аймақ жабылғаны атап өтілді.

    Полиция оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын растады.

    “Полиция қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды өндіру немесе сату, сондай-ақ жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр және олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады”, – делінген хабарламада.

    Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, полиция басқа ақпаратты жариялаудан бас тартты.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →