Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 22 қазан 2026 $ 450,3↑€ 505,6↓₽ 5,46↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда жарылыс болып, екі бала зардап шекті • «Қазақмыс» Ұлытауда спорт, білім және қоғамдық кеңістіктерді жаңғыртуда • Көліктің сау-тамағын қалдырмайтын жол: Қарағандыда шұңқырдан көз ашпаған жүргізушілер әкімдіктен нақты әрекет талап етуде  • Әбдіжәміл Нұрпейісовтің туғанына 102 жыл толды • Тәуекелді анықтаудан нақты шешімге дейін: Қазақмыста қауіпсіздік форумы аяқталды • «Қызмет көрсете алмайды»: Гүлзира Айдарбекова өзін сынаған танымал кәсіпкерге ашуланды (ВИДЕО) • Алматыда жарылыс болып, екі бала зардап шекті • «Қазақмыс» Ұлытауда спорт, білім және қоғамдық кеңістіктерді жаңғыртуда • Көліктің сау-тамағын қалдырмайтын жол: Қарағандыда шұңқырдан көз ашпаған жүргізушілер әкімдіктен нақты әрекет талап етуде  • Әбдіжәміл Нұрпейісовтің туғанына 102 жыл толды • Тәуекелді анықтаудан нақты шешімге дейін: Қазақмыста қауіпсіздік форумы аяқталды • «Қызмет көрсете алмайды»: Гүлзира Айдарбекова өзін сынаған танымал кәсіпкерге ашуланды (ВИДЕО) •

    Жамбыл облысында жылқыны үйірімен ұрлап жүрген барымташылар ұсталды

    Жамбыл облысында жылқыны үйірімен ұрлап жүрген барымташылар ұсталды

    Фото: eldala.kz

    Құқық қорғау қызметкерлері сәуір айының екінші онкүндігінде Жамбыл облысы Сарысу ауданында жылқы ұрлаумен айналысқан екі қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды QazaqToday.info ақпараттық порталы.

    Тергеу барысында қаскөйлердің далада қараусыз жайылып жүрген малды алдын ала бақылап, түнгі уақытта Газель көлігімен келіп, малды тиеп алып, көршілес аудандарға апарып, жергілікті тұрғындарға сатқандығы анықталды.

    Қазіргі уақытта полиция аталған топ мүшелерінің жалпы құны 15 миллион теңгеден асатын 39 жылқыны ұрлағанын дәлелдеді. Барлық күдікті қамауға алынды.

    «Мал ұрлығы үшін заңнамада мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Мал иелері өз малын міндетті түрде сәйкестендіріп, қараусыз қалдырмағаны жөн», – деді ІІМ баспасөз хатшысы Шұғыла Тұрлыбек.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →