Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Биылдыққа үшінші ота»: директор Ақмоншақ Нұртаза елді алаңдатып қойды • Тоқаев: Қазақстан 2027 жылы бес спорт түрінен әлем чемпионатын өткізеді • Тоқаев Азия ойындары мен параойындар жеңімпаздарын орден-медальдармен марапаттады • Президент Азия ойындары және Азия параойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты • Тоқаев 2027 жылғы «Халық құрылысы» бағдарламасын жариялады • Атырауда мектептегі шабуыл үшін жасөспірімге 15 жыл берілді, Сабуров концертіне бойкот жарияланды • «Биылдыққа үшінші ота»: директор Ақмоншақ Нұртаза елді алаңдатып қойды • Тоқаев: Қазақстан 2027 жылы бес спорт түрінен әлем чемпионатын өткізеді • Тоқаев Азия ойындары мен параойындар жеңімпаздарын орден-медальдармен марапаттады • Президент Азия ойындары және Азия параойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты • Тоқаев 2027 жылғы «Халық құрылысы» бағдарламасын жариялады • Атырауда мектептегі шабуыл үшін жасөспірімге 15 жыл берілді, Сабуров концертіне бойкот жарияланды •

    «Тойға ерте емес пе?»: Танымал актердің қызы отбасын құрды (ФОТО

    «Тойға ерте емес пе?»: Танымал актердің қызы отбасын құрды (ФОТО

    Фото: jemappelledali парақшасынан

    Марқұм актер Мұрат Бисембиннің қызы Диана Болатова тұрмысқа шығатынын жариялап, әлеуметтік желіде қалың талқыға түсті. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Диана сүйіктісімен түскен фотоларын жариялап, сақина тағылғанын көрсетті. Желі қолданушылары жас жұпты құттықтап, ақ тілектерін жаудырды. Пікір қалдырушылардың бірі: «Әкеңіз баяғыда-ақ сізге көктен батасын беріп қойған. Бақытты болып, ұзақ ғұмыр сүріңіздер» деп жазса, енді бірі «Құттықтаймыз! Керемет жұп» деп жылы лебіз білдірген.

    Алайда жазба астында түрлі пікірлер де болды. Кейбір оқырман Диананың әкесінің жақында ғана өмірден өткенін еске салып, тойға қатысты пікір білдірген. «Әкеңіз жақында қайтты ғой, тойға ерте емес пе» деген пікір де көптің назарын аударған.

    Соған қарамастан көпшілік жас жұпқа қолдау білдіріп, бақыт тіледі. Кейбір желі қолданушылары күйеу жігіттің ұлтына қатысты сұрақ қойып, оның шетелдік азамат болуы мүмкін екенін талқылаған.

    Айта кетейік, белгілі актер Мұрат Бисембин былтыр өмірден өткен еді. Оның қызы Диананың қуанышты жаңалығы желіде қызу талқы тудырып отыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →