Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 20 қазан 2026 $ 453,1↑€ 508,8↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Әділет» партиясы Құрылтайдағы бос мандатқа Гүлнар Тойлыбаеваны ұсынды • Елена Рыбакина дәстүрлі қытай киімін киіп, әлеуметтік желіде бейне жариялады • Астанада Tesla көлігімен соқтығысқан жүк көлігі көпірден құлап кетті • Өзбекстанда шенеуніктерді рұқсатсыз тергеуге қылмыстық жаза енгізілді • Талдықорғанда наубайхана өртеніп, 40 жастағы жұмысшы зардап шекті • Әлемнің ең ірі 10 әуежайы: 2025 жылы жолаушылар саны бойынша көшбасшылар • «Әділет» партиясы Құрылтайдағы бос мандатқа Гүлнар Тойлыбаеваны ұсынды • Елена Рыбакина дәстүрлі қытай киімін киіп, әлеуметтік желіде бейне жариялады • Астанада Tesla көлігімен соқтығысқан жүк көлігі көпірден құлап кетті • Өзбекстанда шенеуніктерді рұқсатсыз тергеуге қылмыстық жаза енгізілді • Талдықорғанда наубайхана өртеніп, 40 жастағы жұмысшы зардап шекті • Әлемнің ең ірі 10 әуежайы: 2025 жылы жолаушылар саны бойынша көшбасшылар •

    Шавкат Рахмонов жанкүйерлеріне қазіргі жағдайын айтып берді

    Шавкат Рахмонов жанкүйерлеріне қазіргі жағдайын айтып берді

    Фото: championat.com

    Қазақстандық файтер әлеуметтік желіде жаттығу барысынан үзінді жариялады. 

    Спортшы онда жарақаттан кейінгі кезеңнің қалай өтіп жатқанын бейнелеген.

    «Қиын… оңай емес» деген сөзі арқылы файтер көпшілікті алаңдатып қойды. Видео мен Рахмоновтың сөзінен физикалық ғана емес, психологиялық тұрғыдан да ауыр процесс екенін байқауға болатындай.

    Айта кеткен жөн, биыл ақпанда спортшы Германияда ота жасатты. Сол себепті, ол біраз уақытқа жекпе-жектерден шеттеді әрі UFC рейтингінен де уақытша түсіп қалды. Сонда да файтер толық қалпына келуге бар күш-жігерін салып жатыр.

    Оның соңғы жекпе-жегі 2024 жылдың желтоқсан айында өтті. Сол кезде спортшы Иэн Гэриді төрешілердің шешімімен жеңіп, өз деңгейін толық көрсеткен-ді. Бастапқыда бұл кездесу чемпиондық титул үшін жоспарланса да, сол кездегі чемпион Белал Мұхаммад жарақатына байланысты айқасқа шыға алмады.

    Бір өкініштісі, содан соң жағдай керісінше өрбіді. Яғни, Шавкат Рахмоновтың өзі жарақаттанып, бірнеше кездесуге шықпады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →