Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады

    700 адам, 95 тонна қоқыс: «Қазақмыс» ауқымды экологиялық акция өткізді

    700 адам, 95 тонна қоқыс: «Қазақмыс» ауқымды экологиялық акция өткізді

    Фото: Қазақмыс

    «Қазақмыс» компаниялар Тобы республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында экологиялық бастамаларды жүзеге асыруды жалғастыруда. 18 сәуірде компания қызметкерлері Жезқазған қаласындағы Наурыз саябағына 150 түп ағаш отырғызды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Акцияны өткізу үшін компания көшет пен құнарлы топырақ жеткізді. Іс-шараға Топ кәсіпорындарының қызметкерлері қатысты. Қатысушылар шұңқыр қазып, ағаш отырғызды және бастапқы суару жұмысын жүргізді. Алдағы уақытта отырғызылған жасыл желекті күтіп-баптау жұмысын саябақ әкімшілігі қамтамасыз етеді.

    Ағаш отырғызу «Қазақмыс» компаниясының өзіне қатысы бар өңірлердегі экологиялық жұмысының кезекті кезеңіне айналды. Компанияның өткен аптадағы экологиялық іс-шарасына 700-ге жуық жұмыскер қатысып, кәсіпорын аумағы мен қала алаңдарынан 95 тонна қоқыс шығарды.

    Соңғы күндері компания қызметкерлері Балқаш, Жезқазған және Сәтбаев қалаларындағы өндірістік нысандар мен аумақтарды тазалау үшін сенбілікке қатысты. Сонымен қатар Балқаш көлінің жағалауын қоқыстан тазарту жұмысын ұйымдастырды.

    Компания «Таза Қазақстан» акциясына жүйелі түрде қатысады. Экологиялық бастама, оның ішінде тұрақты өткізілетін «таза бейсенбі» іс-шарасы сәуір, мамыр айларында да жалғасады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →