Маңғыстауда үлкен қайғы: жүзден астам жылқы батпаққа батып өлді

Маңғыстау облысында қолайсыз ауа райы салдарынан жүзден астам жылқы жаппай қырылды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Маңғыстау ауданында толассыз жауған жаңбыр мен қатты желдің кесірінен үйірінен адасқан жылқылар теміржол бойындағы өтуге қиын батпақты жерге кіріп, шыға алмай қалған.

Шығынды есептеп, қалған малды іздеу үшін арнайы комиссия құрылды. Бұл жұмыстарға арнайы техника мен дрондар жұмылдырылды.

Жергілікті әкімдік тіркеуде бар мал иелеріне заң аясында өтемақы төлеу мәселесін қарастыратынын мәлімдеді.

Қазір оқиға орнында Төтенше жағдайлар қызметі мен әкімдік өкілдері табиғи апат салдарын жою жұмыстарын үйлестіріп жатыр.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика