Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 17 шілде 2026 $ 469,2 538,0 6,06
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда мәдениет пен өнерді дамыту: 2026 жылғы басым бағыттарға сараптама Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізді Жаңа адамдар мен Дала Қырандары Әділет партиясының жастар қанатын құру ниеті туралы келісім жасасты Жезқазған тұрғындары балалар ойын алаңындағы қоқысты өздері тазалап жүр 5 көлікті соғып, қашып кеткен Астана тұрғыны 30 тәулікке қамалды Қазақстан мен Xiaomi жасанды интеллект бағытындағы бірлескен жобаларды қарастырды Қазақстанда мәдениет пен өнерді дамыту: 2026 жылғы басым бағыттарға сараптама Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізді Жаңа адамдар мен Дала Қырандары Әділет партиясының жастар қанатын құру ниеті туралы келісім жасасты Жезқазған тұрғындары балалар ойын алаңындағы қоқысты өздері тазалап жүр 5 көлікті соғып, қашып кеткен Астана тұрғыны 30 тәулікке қамалды Қазақстан мен Xiaomi жасанды интеллект бағытындағы бірлескен жобаларды қарастырды

    216 км/сағ: Астанада 61 рет ереже бұзған BMW жүргізушісі ұсталды

    Астанада 27 жастағы BMW жүргізушісі 15 тәулікке қамалды. Ол жыл басынан бері 61 рет жол ережесін бұзып, 216 км/сағ жылдамдықпен жүрген.

    216 км/сағ: Астанада 61 рет ереже бұзған BMW жүргізушісі ұсталды
    file_829.jpg

    Астанада жол жүру ережесін үнемі өрескел бұзып келген жүргізуші 15 тәулікке қамауға алынды. 27 жастағы BMW иесі жыл басынан бері 61 рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Полиция департаментінің мәліметінше, жүргізуші заңды саналы түрде және үнемі бұзып келген. Оның 59 құқық бұзушылығы жылдамдықты шамадан тыс асырумен байланысты болған.

    «Ең қауіпті жағдайлардың бірі – Әл-Фараби көшесіндегі жаяу жүргіншілер өткелінен бағдаршамның тыйым салынған белгісіне қарамастан, сағатына 133 км жылдамдықпен өтуі. Бұған дейін рұқсат етілген 90 км/сағ орнына 216 км/сағ жылдамдықпен жүргені де тіркелген. Мұндай әрекет азаматтардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіреді», — деп атап өтті полиция.

    Нәтижесінде жүргізуші ұсақ бұзақылық үшін жауапқа тартылып, 15 тәулікке қамалды. Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды.

    «Заң талаптарын саналы түрде және жүйелі түрде елемейтін адамдар, соның ішінде бұрын төленген айыппұлдары болса да, табыс деңгейіне қарамастан, заңнамада көзделген қатаң жауапкершілік шараларына тартылады. Заң бәріне ортақ», — деп толықтырды департамент өкілдері.

    Бұл оқиға Алматыдағы қайғылы жол апаттары жиілеген тұста болып отыр. Бұған дейін Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек ережені жүйелі түрде бұзып, жауапкершіліктен жалтарып жүрген «шенділер мен бизнесмендердің балалары» туралы мәселе көтерген. Ал сенатор Марат Қожаев жол бұзақыларына қарсы айыппұл жеңілдігін алып тастау және қайта емтихан тапсырғанға дейін көлік жүргізу құқығын шектеу сияқты қатаң шараларды ұсынған еді.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →