Ыстамбұлдағы келіссөз: Зеленский Ердоғанға жаңа ұсыныс жасады

Украина президенті Владимир Зеленский мен Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ыстамбұлда кездесіп, қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңін талқылады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Келіссөздер қорытындысы бойынша екі ел қауіпсіздік саласында бірлескен жаңа қадамдар жасауға уағдаласты. Зеленскийдің айтуынша, кездесуде екіжақты қарым-қатынастардан бөлек, Еуропа мен Таяу Шығыстағы ахуал да сөз болған.

«Біздің ортақ әрі үйлесімді әрекеттеріміз әлемнің барлық аймағында адамдардың өмірін қорғап, қауіпсіздігін арттыруға септігін тигізуі тиіс», — деп атап өтті Украина басшысы.

Сондай-ақ ол Украинаның Түркияға өз тәжірибесін, технологиялары мен сараптамалық мүмкіндіктерін ұсыну арқылы қолдау көрсете алатынын жеткізді.

«Бірлесіп жұмыс істеуге деген саяси ерік-жігеріміз мықты. Жақын күндері біздің командалар барлық мәселені егжей-тегжейлі пысықтайды», — деп толықтырды Зеленский.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика