Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 20 қазан 2026 $ 453,1↑€ 508,8↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Дархан Мұсаев бұрынғы әйелі Дариға Бадықованың тұрмысқа шығуына қатысты пікір білдірді • 20 қазанда бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды • Лувр студенттер наразылығы салдарынан жабылды • «Әділет» партиясы Құрылтайдағы бос мандатқа Гүлнар Тойлыбаеваны ұсынды • Елена Рыбакина дәстүрлі қытай киімін киіп, әлеуметтік желіде бейне жариялады • Астанада Tesla көлігімен соқтығысқан жүк көлігі көпірден құлап кетті • Дархан Мұсаев бұрынғы әйелі Дариға Бадықованың тұрмысқа шығуына қатысты пікір білдірді • 20 қазанда бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды • Лувр студенттер наразылығы салдарынан жабылды • «Әділет» партиясы Құрылтайдағы бос мандатқа Гүлнар Тойлыбаеваны ұсынды • Елена Рыбакина дәстүрлі қытай киімін киіп, әлеуметтік желіде бейне жариялады • Астанада Tesla көлігімен соқтығысқан жүк көлігі көпірден құлап кетті •

    World Boxing: Римма Волосенко жарыс жолынан шығып қалды

    World Boxing: Римма Волосенко жарыс жолынан шығып қалды

    Фото: Қазақстан бокс федерациясы

    Моңғолияның Улан-Батор қаласында өтіп жатқан World Boxing аясындағы бокстан 2026 жылғы Азия чемпионатында бүгін, 31 наурызда Римма Волосенко (60 келі) жарыс жолынан шығып қалды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Отандасымыз 1/8 финалда үндістандық Приямен қолғап түйістірген еді. Жекпе-жек барысында төрешілер бірауыздан үндістандық спортшының 5:0 есебімен жеңіске жеткенін көрсетті.

    Осылайша Римма Волосенко жарысты ерте аяқтауға мәжбүр болды.

    Құрлықтық додаға еліміздің атынан барлығы 20 боксшы (ерлер — 10, әйелдер -10) аттанған еді. Қазірге дейін әйелдер құраасынан Риммадан өзге Жазира Орақбаева (51 келі), Элина Базарова (54 келі) жарыс жолынан шығып қалды.

    Елдос Сайдалин жетекшілігімен құрлықтық додаға елімізден әәйелдер құрамасында Римма, Жазира мен Элинадан өзге Әйгерім Сәттібаева (48 келі), Ұлжан Сәрсенбек (57 келі), Лаура Есенкелді (65 келі), Бақыт Сейдіш (70 келі), Валентина Хальзова (75 келі), Надежда Рябец (80 келі) және Дина Исламбекова (80 келіден жоғары) барған еді. Олар алдағы күндері шаршы алаңға шығады.

    Ал ерлер құрамасы сапында Санжар Тәшкенбай (50 келі), Махмұд Сабырхан (55 келі), Оразбек Асылқұлов (60 келі), Ертуған Зейнулинов (65 келі), Төрехан Сабырхан (70 келі), Сабыржан Аққалықов (75 келі), Ерасыл Жақпеков (80 келі), Нұрбек Оралбай (85 келі), Сағындық Тоғамбай (90 келі) және Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) бар.

    Құрлықтық дода 30 наурыз-10 сәуір аралығында өтеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →