Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 16 шілде 2026 $ 468,8 536,3 6,05
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда дипломын жыртқан түлек 5 тәулікке қамалды Денсаулық сақтау министрлігі ыстық өткізіп алудың алдын алуды ескертеді Павлодарда алаяқтар зейнеткерлерді банкте торт жаруға мәжбүрледі Қазақстандағы орташа айлық жалақы 445 068 теңгеге жетті, бірақ нақты өсім нөлге тең Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхайға жұмыс сапарымен келді Көкшетауда зағип жандар жабысқақ қара май кешіп жүр: Әкімдер уәде үйгенімен, ауладан береке кетті Алматыда дипломын жыртқан түлек 5 тәулікке қамалды Денсаулық сақтау министрлігі ыстық өткізіп алудың алдын алуды ескертеді Павлодарда алаяқтар зейнеткерлерді банкте торт жаруға мәжбүрледі Қазақстандағы орташа айлық жалақы 445 068 теңгеге жетті, бірақ нақты өсім нөлге тең Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхайға жұмыс сапарымен келді Көкшетауда зағип жандар жабысқақ қара май кешіп жүр: Әкімдер уәде үйгенімен, ауладан береке кетті

    Назарбаев университетінің қаржылық қызметіне талдау жасалмақ

    Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Астана халықаралық форумының кулуарында Назарбаев университетін қандай өзгерістер күтір тұрғанын айтып берді. Оның сөзінше, Назарбаев университеті туралы заң өзгеріп жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz.-ке сілтеме жасап. 

    Саясат Нұрбек Үкіметтің, Жоғары білім министрлігінің негізгі мақсаты – университеттің әлеуетін сақтап қалу және оны мықты зерттеу деңгейіне шығару болып отырғанын айтады.

     

    «Негізгі басым жоспарымыз – зерттеу әлеуетін көтеру. Назарбаев университетте өте мықты тоғыз зертхана бар. Ең мықты профессорлар, оқытушылар шоғырланған. Мақала тұрғысынан, ғылыми публикация тұрғысынан ең бірінші деңгейде тұр. Бірақ қолданбалы, салалық зерттеулер аздау. Шыны керек ұлттық компанияларымызға, салалық компанияларымызға, өндіріске қолданбалы үлесі әлі аздау», — деді министр.

     

    Оның сөзінше, университетті қаржыландыру тәртібі сол күйінде қалады.

     

    «Автономдық құқығы шектелмейді. Өйткені жиналып қалған потенциалды шайқап, төгіп алмауымыз керек. Қалыптасқан кадрларды, сол жерге құйылған ақшаның арқасында пайда болған мықты зертханаларды төгіп алмауымыз. Қаржыландыру тәртібі сол күйінде сақталады. Бірақ қазір анализін жасауымыз керек. Сол анализдің қорытындысына қарай көреміз. Білесіздер, басшылығы ауысады. Үлкен конкурс жарияланады. Сол конкурс негізінде ғана басшылық тағайындалып, содан кейін анализ жасалады», — деді Саясат Нұрбек.

     

    Айта кетейік, бұдан бұрын Назарбаев университетінің президенті Шигео Катсу отставкаға кететіні хабарланған.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →