Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 20 қазан 2026 $ 453,1↑€ 508,8↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Дархан Мұсаев бұрынғы әйелі Дариға Бадықованың тұрмысқа шығуына қатысты пікір білдірді • 20 қазанда бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды • Лувр студенттер наразылығы салдарынан жабылды • «Әділет» партиясы Құрылтайдағы бос мандатқа Гүлнар Тойлыбаеваны ұсынды • Елена Рыбакина дәстүрлі қытай киімін киіп, әлеуметтік желіде бейне жариялады • Астанада Tesla көлігімен соқтығысқан жүк көлігі көпірден құлап кетті • Дархан Мұсаев бұрынғы әйелі Дариға Бадықованың тұрмысқа шығуына қатысты пікір білдірді • 20 қазанда бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды • Лувр студенттер наразылығы салдарынан жабылды • «Әділет» партиясы Құрылтайдағы бос мандатқа Гүлнар Тойлыбаеваны ұсынды • Елена Рыбакина дәстүрлі қытай киімін киіп, әлеуметтік желіде бейне жариялады • Астанада Tesla көлігімен соқтығысқан жүк көлігі көпірден құлап кетті •

    Қазақ дзюдошысы Еуропа кубогында алтыннан алқа тақты

    Қазақ дзюдошысы Еуропа кубогында алтыннан алқа тақты

    Фото:Qazteam

    Хорватияның Дубровник қаласында дзюдодан ересектер арасында өтіп жатқан Еуропа кубогында ел қоржынына алғашқы алтынды Данияр Шамшаев салды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

    Еске салсақ, Данияр Шамшаев ұзақ уақытқы үзілістен кейін татамиге оралып отыр. Ол 2024 жылы Париж Олимпиадасында белдесіп, жүлдеге іліне алмаған.

    73 келіде сынға түскен отандасымыз іріктеу кезеңінде Хорватия, Аустрия және Венгрия балуандарынан айласын асырды. Ал жартылай финалда жергілікті дзюдошы Адам Калацты тізе бүктірді. Ақтық сында франциядық Максим Гобертті шаң қаптырды.

    Бұдан өзге 60 келіде Дамир Болатбеков финалға жолдама алған еді. Алайда ол шешіэуші сында сүрініп күміс медаль еншіледі.

    Сондай-ақ әйелдер арасында +78 келідегі жерлесіміз Толқын Тұрсынақынова ширек финалда бастап, Хорватия өкілі Леона Никетичті жеңді. Бірақ ол жартылай финалда молдовалық Оксана Диаценкоға есе жіберді. Дегенмен қола медаль үшін хорват қызы Стелла Ловаковичті жеңіп, үздік үштіктің қатарынан көрінді.

    Осылайша Қазақстан қоржынына алғашқы жарыс күні 1 алтын, 1 күміс, 1 қола жүлде түсті.

    Айта кетейік, айтулы жарысқа 32 елден 305 дзюдошылар өзара мықтыны анықтауда.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →