Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы •

    Астанадағы жарыс: жүргізушілердің бірі 50-ден астам ереже бұзған

    Астананың орталығында көлік жарыстырған екі жүргізуші 10 тәулікке қамалды. Олардың бірі бұған дейін 50-ден астам рет жол ережесін бұзған.

    Астанадағы жарыс: жүргізушілердің бірі 50-ден астам ереже бұзған
    file_740.jpg

    Астананың орталығында көлік жарыстырып, бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен екі жүргізуші он тәулікке қамалды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың мәліметінше, оқиға 24 наурызда түнгі сағат 23:50 шамасында болған. Қабанбай батыр мен Атасу көшелерінің қиылысында Lexus LX 600 және BMW 530 көліктерінің жүргізушілері бағдаршамның тыйым салынған белгісіне қарамастан, жоғары жылдамдықпен өтіп кеткен.

    Сот олардың бұл әрекетін ұсақ бұзақылық деп бағалады. Белгілі болғандай, жүргізушілер бұған дейін де жол ережесін жиі бұзған. Олардың бірі 50-ден астам рет, екіншісі 15-тен астам рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

    «Әкімшілік жаза шарасын анықтау кезінде сот құқық бұзушылықтың сипаты мен деңгейін ескерді. Олардың елорданың орталық көшесінде түнгі уақытта көлікті агрессивті басқарғаны, бағдаршамның тыйым салатын сигналына өтіп, айналасындағылардың қауіпсіздігіне қатер төндіргені және бұрын жол ережесін бірнеше рет бұзғаны назарға алынды. Қамауға алу жазасы оларды қайта тәрбиелеуге және әділдікті орнатуға тиісті ықпал етеді, сондай-ақ жаңа құқық бұзушылықтардың алдын алуға ықпал етеді», – делінген сот хабарламасында.

    Сот қаулысы әлі заңды күшіне енген жоқ.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →