Ұлттық банк басшысы: «Доллар 400 теңге деңгейіне түспейді»

16 наурызда Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 4,49 теңгеге арзандады. Енді америкалық валютаның орташа сараланған бағамы 486,20 теңгені құрады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Ал Ұлттық банктің 16 наурызға белгілеген ресми бағамы – 491,29 теңге. Дегенмен еліміздің ірі қалаларындағы ақша айырбастау орындарында доллар әртүрлі бағамен сатылып жатыр.

Мәселен, Алматыда долларды орта есеппен 485,43 теңгеге сатып алып, 487,91 теңгеге сатуда. Ал Астанада сатып алу бағамы – 484,04 теңге, сату – 491,04 теңге шамасында.

Бұған дейін, 6 наурызда Ұлттық банк базалық мөлшерлемені жылдық 18% деңгейінде сақтап қалу туралы шешім қабылдаған болатын. Осыған байланысты Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов ұлттық валютаның айтарлықтай нығаюы туралы болжамдарға қатысты пікір білдірді.

«Экономикалық сценарийлердің ешқайсысында доллар бағамының 400 теңге деңгейіне дейін төмендеуі қарастырылмайды», — деді ведомство басшысы.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика