Павлодарда жаңа салынған әлеуметтік үйлер қирап жатыр

Фото: Видеодан алынған кадр 

Павлодар қаласына қарасты Жетекші ауылында берілген әлеуметтік үйлердің сапасына тұрғындар наразы. Көпбалалы аналарға арналған баспаналардың қабырғасы сөгіліп, ішін ылғал мен көгерген зең басқан. Тұрғындардың айтуынша, үйлердің кей жері фанер мен жұқа материалдан жасалған, ал қабырғасын ашса, арматурасы көрініп тұр.

Бұл үйлерге қол жеткізу үшін кейбір отбасылар тұрғын үй кезегінде он жылдан астам тұрған. Алайда жаңа баспанаға кірген соң, қуаныш ұзаққа созылмаған. Ылғал үйде балалар өсіріп отырған аналар денсаулыққа қауіптенетінін айтады.

Ең алаңдатарлығы — тұрғындар үйді қабылдамаймыз десе, кезектен шығарып тастауы мүмкін деген қорқыныш бар екенін жеткізген. Сондықтан көпшілігі сапасыз үйде тұруға мәжбүр.

Мұндай жағдайда жергілікті әкімдік пен жауапты мердігерлердің жұмысына сұрақ көп. Қабылдау комиссиясы бұл үйлерді қалай тексеріп, қалай пайдалануға бергені түсініксіз. Мемлекеттік қаржыға салынған әлеуметтік тұрғын үйлердің сапасы осындай болса, жауапкершілікті кім көтереді деген мәселе тағы көтерілді.

Видео:
@semiaidetі.pvl
@khassarkhabylbekov

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика