Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 469,0 542,1 5,75
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда 9 тамызда екі орман өрті тіркелді Батыс Қазақстанда рейстік автобус өртеніп, 37 жолаушы эвакуацияланды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады Қазақстанда 9 тамызда екі орман өрті тіркелді Батыс Қазақстанда рейстік автобус өртеніп, 37 жолаушы эвакуацияланды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады

    Мирзиёев Тоқаевқа қоңырау шалды: «Халық сізге сенеді»

    Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевты жаңа Конституция бойынша референдумның сәтті өтуімен құттықтап, бағасын берді.

    Мирзиёев Тоқаевқа қоңырау шалды: «Халық сізге сенеді»
    file_661.jpg

    Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстанның жаңа Конституциясы бойынша референдумның сәтті өтуімен құттықтады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, екі елдің көшбасшылары телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында Шавкат Мирзиёев референдум қорытындысы халықтың Тоқаев жүргізіп отырған ауқымды реформаларға зор сенім артатынын көрсеткенін атап өтті.

    «Референдум нәтижелері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен жүргізіліп жатқан ауқымды реформаларға халықтың толық сенім артатынын айқын көрсетті», – деді Өзбекстан президенті.

    Өз кезегінде Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевке қолдау көрсеткені және Өзбекстаннан, сондай-ақ халықаралық ұйымдар құрамында бақылаушылар миссиясын жібергені үшін алғыс айтты.

    Мемлекет басшысының айтуынша, жаңа Конституция – заман талабына сай, прогрессивті құжат және ол мемлекеттің тұрақты әрі жан-жақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар, ол жаңару үдерісінде халықаралық серіктестермен, әсіресе Қазақстанның ең жақын көршілері әрі одақтастарымен ынтымақтастықты нығайтуға ерекше назар аударылатынын жеткізді.

    Тараптар стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухында нығайып келе жатқан қазақ-өзбек қатынастарының оң серпінін атап өтіп, бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтар мен Жоғары мемлекетаралық кеңес шешімдерінің орындалу барысына көңілі толатынын білдірді. Сондай-ақ президенттер барлық деңгейдегі өзара іс-қимылды жалғастыруға келісті.

    Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →