Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 469,0 542,1 5,75
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Дунай деңгейінің төмендеуі 1944 жылы батқан нацистік кемелерді ашты Қазақстанда 9 тамызда екі орман өрті тіркелді Батыс Қазақстанда рейстік автобус өртеніп, 37 жолаушы эвакуацияланды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Дунай деңгейінің төмендеуі 1944 жылы батқан нацистік кемелерді ашты Қазақстанда 9 тамызда екі орман өрті тіркелді Батыс Қазақстанда рейстік автобус өртеніп, 37 жолаушы эвакуацияланды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды

    Трамп Иранның 10 бомбаға жететін уранын Ресейге беруден бас тартты

    АҚШ президенті Дональд Трамп Владимир Путиннің Ираннан 10-нан астам ядролық бомба жасауға жететін уранды Ресейге әкету туралы ұсынысынан бас тартты.

    Трамп Иранның 10 бомбаға жететін уранын Ресейге беруден бас тартты
    file_635.jpg

    АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей басшысы Владимир Путиннің Ираннан 450 кг байытылған уранды Ресейге тасымалдау туралы ұсынысын қабылдамады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Бұл ақпаратты Axios басылымы өз дереккөздеріне сілтеме жасап таратты. Ресей президенті бұл бастаманы 9 наурызда Трамппен телефон арқылы сөйлескенде көтерген. Путин сол әңгімеде АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы ықтимал соғысын болдырмау үшін бірнеше ұсыныс айтқан, уранды Ресейге тасымалдау – солардың бірі болған.

    Сарапшылардың айтуынша, 60%-ға дейін байытылған уранның қаупі зор. Себебі оны санаулы апта ішінде ядролық қару жасауға жарамды 90% деңгейіне дейін жеткізуге болады. Ал Ирандағы 450 кг уран 10-нан астам ядролық бомба жасауға жететін көлем деп есептеледі.

    «Байытылған уранды Ресей аумағына шығару туралы ұсыныс бірінші рет көтеріліп отырған жоқ. Алайда бұл ұсыныс қабылданбады. АҚШ-тың ұстанымы айқын: біз бұл уранның толықтай қауіпсіз жерде сақталатынына көз жеткізуіміз керек», – деді Axios басылымына түсініктеме берген америкалық шенеунік.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →