Президент күштік құрылымдарға инфрақұрылым қауіпсіздігін бақылауды тапсырды

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы маңызды нысандардың қауіпсіздігін күшейту туралы тапсырма берді. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрге, күштік құрылымдардың басшыларына, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен ұлттық компаниялардың жетекшілеріне, сондай-ақ аймақ әкімдеріне тіршілікті қамтамасыз ететін нысандардың, көлік, энергетика және коммуналдық инфрақұрылымның, соның ішінде әуежайлардың, теңіз және өзен порттарының қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды.

Аталған жұмысты үйлестіру Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысына жүктелді.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика