Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы •

    «Билікті емес, заңды бұзған шенеуніктерді сынаймын» – депутат Бақытжан Базарбек

    «Билікті емес, заңды бұзған шенеуніктерді сынаймын» – депутат Бақытжан Базарбек
    Фото: видеодан скриншот

    Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек билікті сынау оның негізгі мақсаты емес екенін айтты. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Оның сөзінше, қоғамда кей адамдар оны «үнемі билікті сынайтын депутат» ретінде қабылдайды. Алайда ол бұл пікірмен келіспейтінін жеткізді. Депутаттың айтуынша, өзі биліктің өзін емес, заң нормаларын орындамайтын жекелеген лауазымды тұлғаларды ғана сынға алады. Егер мемлекеттік қызметкер заң талаптарын бұзса немесе өз міндетін дұрыс атқармаса, мұндай жағдайды ашық айту қажет деп санайды.

    «Мүмкін мен Құрылтайда болмайтын шығармын. Көп адам мені билікті сынайтын адам деп түсінеді. Бірақ мен үнемі билікті сынай бермеймін. Биліктің ішінде кейбір лауазымды тұлғалар заң нормасын орындамаса, сол кезде ғана мәселені көтеремін», – деді Базарбек.

    Оның айтуынша, мұндай ұстанымы үшін кейде өзі де түрлі қысым мен түсінбеушілікке тап болады. Соған қарамастан, депутат заңның сақталуын талап ету – халық алдындағы басты міндеттердің бірі екенін атап өтті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →