Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қайрат» – «Аталанта» матчына Қазақстаннан 133 жанкүйер барады • Астанада 40 тонналық контейнер өртенді • «Қазақ аруы 2026»: Аша Матай жеңімпазды құттықтап, байқауды жүргізу мәнері сынға ілікті • «Ешкімге ештеңе дәлелдемеймін»: Балжан Бидаш экс-күйеуіне жауап берді (ФОТО) • Ақтөбеде перзентханаға бара жатқан жүкті келіншек таксиде босанып қалды • «Төрт бөтелке сыра ішкен»: Ақтөбеде мас жүргізуші екі баланы қағып кетті • «Қайрат» – «Аталанта» матчына Қазақстаннан 133 жанкүйер барады • Астанада 40 тонналық контейнер өртенді • «Қазақ аруы 2026»: Аша Матай жеңімпазды құттықтап, байқауды жүргізу мәнері сынға ілікті • «Ешкімге ештеңе дәлелдемеймін»: Балжан Бидаш экс-күйеуіне жауап берді (ФОТО) • Ақтөбеде перзентханаға бара жатқан жүкті келіншек таксиде босанып қалды • «Төрт бөтелке сыра ішкен»: Ақтөбеде мас жүргізуші екі баланы қағып кетті •

    Щучинскідегі жарылыс: 7 адам қаза тапты, арасында 16 жастағы қыз бар

    Щучинск қаласындағы "Палау орталығы" дәмханасында жарылыс болды. 7 адам, оның ішінде 16 жастағы қыз қаза тапты. 20-дан астам адам зардап шекті.

    Щучинскідегі жарылыс: 7 адам қаза тапты, арасында 16 жастағы қыз бар
    file_584.jpg

    Ақмола облысының Щучинск қаласындағы «Палау орталығы» дәмханасында болған жарылыстан жеті адам, оның ішінде 16 жастағы бойжеткен көз жұмды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Алдын ала дерек бойынша, оқиғадан барлығы 26 адам зардап шеккен. Жеті адам қаза тапса, 13 адам ауруханаға жатқызылды. Алты адам амбулаториялық ем қабылдап жатыр.

    Өңірлік Төтенше жағдайлар департаментінің соңғы мәліметінше, зардап шеккендердің бесеуі көпбейінді облыстық ауруханаға жатқызу үшін Көкшетау қаласына жеткізілген. Тағы екі науқасты тасымалдауға дайындық жүріп жатыр.

    «Оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Науқастардың жағдайы дәрігерлердің тұрақты бақылауында», — делінген хабарламада.

    Оқиға орнында облыстық жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Төтенше жағдайдың себептері анықталуда. Ақмола облысының әкімдігі қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына барлық қажетті көмекті көрсететінін мәлімдеді.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →