Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы •

    Украина мәселесі бойынша үшжақты келіссөз наурызға шегерілді

    Украина мәселесі бойынша үшжақты келіссөз наурызға шегерілді

    Фото: AFP via Getty Images

    Бұл туралы Зеленский мәлім етті. Украина президенті Владимир Зеленский Киев, Мәскеу және Вашингтонның келесі келіссөздері наурызда өтетінін айтты, деп хабарлайды QazaqToday.info ақпараттық порталы DW-ға сілтеме жасап.

    Күні кеше Зеленский Ақ үй басшысы Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесті. Тараптар Украина мен Ресей арасындағы келіссөздер барысын талқылады.

    «Ертең Женевада біздің (ред. – Украина мен АҚШ) өкілдеріміз екіжақты кездесуде талқылайтын мәселелер туралы сөз болды. Сонымен қатар наурыз айының басында үшжақты форматта өтетін келесі толық құрамдағы кездесуге дайындық жайы талқыланды», – деді Украина басшысы Telegram-арнасында.

    Телефон арқылы өткен келіссөзге америкалық тараптан Стивен Уиткофф пен Джаред Кушнер де қатысқаны белгілі болды. Владимир Зеленский Украина мен Ресей арасындағы келесі кездесу келіссөздерді президенттер деңгейіне шығаруға мүмкіндік береді деп үміт білдірді. Оның әріптесі Трамп та бұл бастаманы қолдап отыр.

    Бұған дейін үшжақты кездесу ақпан айының соңына дейін өтуі тиіс болған. Украина президенті оның не себепті кейінге қалдырылғанын айтпады.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →