Тоқаевпен кездескен Шайдоров: «Олимпиада алтынымен шектелмеймін»

Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы атанған Михаил Шайдоров Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесіп, көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдірді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Ақордада өткен кездесуде спортшы жеңісін барша қазақстандықтарға арнайтынын айтып, болашақ мақсаттарымен бөлісті.

– Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Бұл кездесуге Олимпиада чемпионы ретінде қатысу – мен үшін зор мәртебе. Алтын медаль – менің ғана емес, ата-анамның, бапкерлерімнің және мен үшін алаңдап, қолдау көрсеткен барша қазақстандықтың жеңісі. Бұл аянбай тер төгіп жұмыс істесең, жақын жандардың махаббаты мен сенімі болса, армандардың орындалатынын көрсетеді. Президент мырза, Сіздің қолдауыңыздың арқасында спортшылар үлкен жетістіктерге, жаңа тарихи рекордтарға қол жеткізіп жүр. Мен Олимпиада алтынымен шектелмеймін. Алдымда ұзақ жол бар. Елімнің сенімін ақтап, жас ұрпаққа үлгі болып, халқымыздың мерейін үстем еткім келеді. Рахмет Сізге! Сүйікті Отаныма, Қазақстаныма қызмет етемін, – деді Михаил Шайдоров.

Спортшы бұл жетістікпен тоқтап қалмайтынын және алдағы уақытта да ел намысын қорғап, жаңа белестерді бағындыруға уәде берді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика