Басты бет » Тоқаев мәнерлеп сырғанаушы Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Тоқаев мәнерлеп сырғанаушы Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

file_573.jpg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев XXV Қысқы Олимпиада ойындарында жоғары нәтиже көрсеткен спортшылар мен олардың бапкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысының жарлығымен мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров спорттағы айрықша жетістіктері үшін ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды. Ал оның бапкері әрі кеңесшісі Алексей Урмановқа ел спортын дамытуға қосқан үлесі үшін ІІ дәрежелі «Достық» ордені табысталды.

Сонымен қатар, «Құрмет» орденімен мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан Республикасы ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Әсем Қасанова, жаттықтырушы Станислав Шайдоров және Қазақстандық конькимен мәнерлеп сырғанау одағының президенті Бауыржан Ералы марапатталды.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика