Тарихи жеңіс: Головкин Олимпиада чемпионы Шайдоровты Астанада қарсы алды

Мәнерлеп сырғанаудан Милан-2026 Қысқы Олимпиадасының чемпионы атанған Михаил Шайдоров елге оралды. Астана халықаралық әуежайында тарихи жеңіске жеткен спортшыны Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы Геннадий Головкин бастаған көпшілік салтанатты түрде күтіп алды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Әуежайға жиналған жанкүйерлер мен журналистер қауымы Олимпиада чемпионын зор қошеметпен қарсы алды. Шайдоровтың бұл жетістігі – Қазақстан спорты үшін үлкен меже.

Михаил Шайдоров – еліміздің тарихында мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада алтынын иеленген тұңғыш спортшы. Бұл жетістік осы спорт түрінің Қазақстандағы дамуына жаңа серпін береді деп күтілуде.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика