Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Матвей Сафонов «ПСЖ» жеңісінде 7,5 балл алды • Қырғызстандық Муртазали Магомедов UFC-дегі екінші жеңісін алды • Трамп UFC басшысы Дэйна Уайтты Ақ үйдің баспасөз хатшысы етіп ұсынды • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Матвей Сафонов «ПСЖ» жеңісінде 7,5 балл алды • Қырғызстандық Муртазали Магомедов UFC-дегі екінші жеңісін алды • Трамп UFC басшысы Дэйна Уайтты Ақ үйдің баспасөз хатшысы етіп ұсынды • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды •

    «Дәліз бен дәретхананы жууға мәжбүрлеген»: Түркістандағы жатақханадан шу шықты

    «Дәліз бен дәретхананы жууға мәжбүрлеген»: Түркістандағы жатақханадан шу шықты

    Фото: видеодан скрин

    Түркістан қаласындағы көпсалалы индустриалды-техникалық колледждің жатақханасында дау шықты. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Студенттердің айтуынша, оларды дәліз бен дәретхананы жууға мәжбүрлейді. Тазаламасаңдар, «жатақханадан шығасыңдар» деген ескерту жасалған көрінеді. Кішкентай қыздарды көшеге қуу – кімнің құзырында?

    Мекенжайы: Түркістан қаласы, Абай көшесі 81/5. Оқу орны – Түркістан индустриалды құрылыс колледжі. Студенттер арнайы тазалықшы бар ма, жоқ па – белгісіз екенін айтады. «Біз оқуға келдік, еден жууға емес» деген уәждерін жеткізгенімен, жауапты тұлғалармен сөйлесу мүмкін болмағанын алға тартады.

    Тәрбиешілерге хабарласқанда, дұрыс жауап ала алмағандарын, тіпті телефон тұтқасын қоя салғанын айтып отыр. Амалсыз әлеуметтік желі арқылы мәселені көтеруге мәжбүр болған. Екі минуттық бейнежазбада жатақхана ішіндегі жағдай көрсетілген.

    Видео: @kuralsin_

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →