Олимпиада аяқталуда: Қазақстан бүгін медальға іліге ала ма?

Италиядағы XXV Қысқы Олимпиада ойындары мәресіне жетті. Бүгін, 22 ақпанда қазақстандық спортшылар соңғы жарысқа қатысып, ел намысын қорғайды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Бүгін шаңғы жарысынан әйелдер арасында масс-старт бәсекесі өтеді. Бұл сында еліміздің атынан Надежда Степашкина мен Анна Мельник бақ сынайды. Жарыс Астана уақытымен сағат 14:00-де басталады, оны Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Олимпиаданың соңғы күніндегі жалпы медальдар кестесінде Норвегия құрамасы айқын басымдықпен көш бастап тұр. Олардың қоржынында 40 медаль бар, оның 18-і – алтын. Екінші орында АҚШ (32 медаль, 11 алтын), ал үздік үштікті Нидерланд құрамасы (20 медаль, 10 алтын) түйіндеді.

Ойын қожайындары саналатын Италия құрамасы соңғы күні үздік үштіктен шығып қалды. Олардың қоржынында 30 медаль (10 алтын) болғанымен, Нидерланд құрамасы күміс медаль санының басымдығымен (оларда жетеу, Италияда алтау) алға шықты.

Жекелей сында норвегиялық шаңғышы Йоханнес Клебо Олимпиаданың абсолютті рекордсмені атанды. Ол Италияда эстафетаны қосқанда, өзі қатысқан алты жарыстың барлығында жеңімпаз болды.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика