Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады

    Дональд Трамп: «Қазақстан – тамаша әрі бай мемлекет»

    АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтонда өткен Бейбітшілік кеңесінде Қазақстанға жоғары баға беріп, оны "тамаша әрі бай мемлекет" деп атады.

    Дональд Трамп: «Қазақстан – тамаша әрі бай мемлекет»
    file_526.jpg

    Вашингтонда Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысы өтіп жатыр. Жиында АҚШ президенті Дональд Трамп сөз сөйлеп, оған Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысуда, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Дональд Трамп жиынға қатысқан барлық көшбасшыға, соның ішінде Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғысын білдірді. Ол өз сөзінде Қазақстанға ерекше тоқталып, жоғары баға берді.

    «Қазақстан – тамаша әрі бай мемлекет», — деді АҚШ президенті.

    Ақ үй таратқан тікелей эфир кадрларында Тоқаевтың алдындағы үстелде қызыл түсті бейсболка жатқаны, кейіннен президенттің оны алып тастағаны көрінеді. Бұған дейінгі кездесуде Трамп Қазақстан басшысына өз қолтаңбасы бар ақ кепкі сыйлаған болатын.

    Трамп жиынның басты мақсатына да тоқталды.

    «Біздің істеп жатқанымыз – өте қарапайым нәрсе, ол – бейбітшілік. Бұл сөзді айту оңай, бірақ өмірде жүзеге асыру қиын. Дегенмен біз оған қол жеткіземіз», — деді ол.

    Сонымен қатар ол Армения мен Әзербайжан арасындағы бейбіт келісімдердің сәтті болғанын атап өтті. Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысы Вашингтондағы Бейбітшілік институтында өтіп жатыр. Жақында бұл мекемеге Трамптың есімі берілген болатын. Бастама Газа секторындағы жағдайды реттеу шаралары аясында құрылған.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →