Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Диас Қалдыбеков «Голодные игры: Рассвет Жатвы» фильміне түсті • «Ештеңе қызық емес болып қалды»: Олжас Абай Дариға Бадықова екеуінің сезімі туралы айтты • Ресейден 1003 жүк көлігін өткізуге көмектескен шенеунік 10 жылға сотталды • Каспийдегі трагедия: Тергеу амалдары аяқталуға жақын қалды • Алматыдан 11 оқушы жасанды интеллект жөніндегі халықаралық конференцияға қатысу үшін Кремний алқабына аттанды • Ұлттық ұланның «Бүркіт» арнайы жасағына алғаш рет қыз жауынгер қабылданды • Диас Қалдыбеков «Голодные игры: Рассвет Жатвы» фильміне түсті • «Ештеңе қызық емес болып қалды»: Олжас Абай Дариға Бадықова екеуінің сезімі туралы айтты • Ресейден 1003 жүк көлігін өткізуге көмектескен шенеунік 10 жылға сотталды • Каспийдегі трагедия: Тергеу амалдары аяқталуға жақын қалды • Алматыдан 11 оқушы жасанды интеллект жөніндегі халықаралық конференцияға қатысу үшін Кремний алқабына аттанды • Ұлттық ұланның «Бүркіт» арнайы жасағына алғаш рет қыз жауынгер қабылданды •

    Ақтөбе облысында 23 жастағы мұғалімнің денесі табылды

    Ақтөбе облысында 23 жастағы мұғалімнің денесі табылды

    Мұғалім Темір ауданы Еңбекші ауылындағы мектеп-балабақшаға бір жыл бұрын ғана ауысып барған. Қазір полиция мән-жайды анықтап жатыр. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Оқиға Ақтөбе облысы Темір ауданы Еңбекші ауылында болды.

    – Темір аудандық полиция бөлімі 2002 жылы туған азаматтың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы анықталатын болады. Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, – деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.

    Ал Ақтөбе облыстық білім басқармасының хабарлауынша, жас маман былтыр ғана мектеп-балабақшаға ауысып, тарих пәнінен сабақ берді.

    – Ол тарих пәнінің мұғалімі. Еңбек жолын Маржанбұлақ ауылынан бастаған. 2025 жылдың ақпанынан бастап Еңбекші мектеп-бақшасында жұмыс істеді. Жұмысын жауапкершілікпен атқарды, басшылық тарапынан ескертулер болмады, – деп хабарлады Ақтөбе облыстық білім басқармасы. Мұғалімнің денесі ауылда өзі тұратын үйден табылған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →