Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    Тоқаев АҚШ-тағы жастарға үндеу жасады: сіздерге зор үміт артамыз

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонда АҚШ-та білім алып жүрген қазақстандық студенттермен және жас мамандармен кездесті.

    Тоқаев АҚШ-тағы жастарға үндеу жасады: сіздерге зор үміт артамыз
    file_519.jpg

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Америка Құрама Штаттарына сапары аясында Вашингтонда білім алып, еңбек етіп жүрген отандастарымызбен кездесуі өтті, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Емен-жарқын әңгіме барысында Мемлекет басшысы шетелде білім алып, тәжірибе жинап жатқан өскелең ұрпаққа ерекше сенім артатынын жеткізді. Ол мемлекеттің жастарға әрдайым қолдау көрсететінін және олардың өз әлеуетін толық жүзеге асыруы үшін барлық жағдайды жасайтынын атап өтті.

    «Біз сіздер сияқты білімді, талантты жастарға үлкен үміт артамыз. Елге оралып, жинаған білімдеріңізді Отанымыздың игілігіне жұмсайтындарыңызға сенімдімін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Сондай-ақ Президент кездесуде сол кезде қолға алынған конституциялық реформалардың және жаңа Конституция жобасы бойынша өтетін жалпыхалықтық референдумның ел болашағы үшін тарихи маңызы зор екеніне тоқталды.

    Өз кезегінде АҚШ-тың беделді оқу орындарында білім алып жатқан студенттер мен жас ғалымдар ғылым мен білім саласына көрсетіліп жатқан қолдау үшін Президентке алғыстарын білдіріп, өздерінің ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →