Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы •

    FlyArystan әуе компаниясына жаңа президент тағайындалды

    FlyArystan әуе компаниясына жаңа президент тағайындалды

    Фото: Пәкістан елшілігі

    Air Astana компаниялар тобының жазуынша, Йохан Эйдхаген қызметіне 2026 жылдың 1 наурызынан бастап кіріседі. Ол FlyArystan компаниясына Wizz Air әуе компаниясынан ауысады. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Ол жерде Йохан Эйдхаген бірқатар басшылық қызмет атқарған, соңғы уақытта Абу-Даби қаласында Wizz Air компаниясының басқарушы директоры болды. Wizz Air құрамында ол кадрлар және ESG жөніндегі атқарушы директор, сонымен қатар, маркетинг бойынша атқарушы директор лауазымдарын иеленген еді. Wizz Air-ге келгенге дейін тәжірибелі маман шамамен 15 жыл бойы Nokia компаниясында әртүрлі елде басшылық қызметтерде отырды.

    Йохан Эйдхаген Ричард Леджердің орнын басты. Ал Ричард Леджер Air Astana тобында жаңа басшылық қызметке, яғни серіктестіктер мен альянстар жөніндегі вице-президенті лауазымына тағайындалмақ.

    China Southern Airlines және Air India әуе компанияларымен жуырда жасалған келісімдерді қоса алғанда, кодшерингтік серіктестіктер Топтың халықаралық қызметін кеңейтуде маңызды рөл атқарады. Ричард осы бағыттағы мүмкіндіктерді дамытуға, өңірдің ірі нарықтарына қолжетімділікті қамтамасыз етуге жауапты болады.

    Air Astana компаниясының бас атқарушы директоры Питер Фостер әріптесінің тәжірибесі туралы айта кетті.

    – Йоханның Wizz Air компаниясындағы кадрларды басқару, ESG және маркетинг салаларындағы басшылық қызметтерде жинақтаған көпжылдық тәжірибесі мен бюджеттік әуе компанияларының бизнес-моделі туралы терең түсінігі FlyArystan-ның жоғары өсу әлеуетін толық іске асыруына жол ашады. Технологиялық инновациялар FlyArystan үшін әрдайым қызмет сапасын арттырудың, баға мен жайлылық арасындағы тепе-теңдікті сақтаудың негізгі элементі болып келді. Йоханның жетекшілігімен бұл бағыт жаңа серпін алып, FlyArystan өңірде және одан тыс өз позициясын нығайта түсетініне сенім мол, – деді ол.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →