Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Матвей Сафонов «ПСЖ» жеңісінде 7,5 балл алды • Қырғызстандық Муртазали Магомедов UFC-дегі екінші жеңісін алды • Трамп UFC басшысы Дэйна Уайтты Ақ үйдің баспасөз хатшысы етіп ұсынды • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Матвей Сафонов «ПСЖ» жеңісінде 7,5 балл алды • Қырғызстандық Муртазали Магомедов UFC-дегі екінші жеңісін алды • Трамп UFC басшысы Дэйна Уайтты Ақ үйдің баспасөз хатшысы етіп ұсынды • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды •

    Ақтөбе көшелерін су басты

    Ақтөбе көшелерін су басты

    Фото: видеодан скрин

    Ақтөбеде күннің күрт жылынуымен бірге қар жаппай еріп, қала көшелерін қызыл су басты. Қазірдің өзінде бірқатар шағын аудандарда аулалар мен жолдарды су алып, тұрғындар үшін қатынау қиынға соғып отыр. Көлік қозғалысы баяулап, жаяу жүргіншілер аяқ алып жүру мүмкін болмай қалғанын айтады. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбаларда көшелердің көлге айналып, тұрғындардың су кешіп жүргені анық көрінеді. Кей жерлерде тротуарлар толық су астында қалып, балалар мен қарттардың жүріп-тұруы тіпті қиындаған. Мамандар алдағы күндері тасқын қаупі күшеюі мүмкін екенін ескертіп отыр, өйткені тұрақты жылымық еріген қар суының көлемін еселей түседі.

    Алайда жыл сайын қайталанатын бұл көрініс қаладағы су бұру жүйесінің әлсіздігін көрсетіп, әкімдік тарапынан нақты әрі жүйелі дайындықтың болмағанын аңғартады.

    Қазір тұрғындар коммуналдық қызметтер суды дер кезінде сорғызып, арық-атыздарды тазалау жұмыстарын жеделдетеді деп үміттенеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →