Италияда өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында бүгін қазақстандық спортшылар бірнеше спорт түрінен бақ сынайды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Жарыстарды отандық телеарналар тікелей эфирде көрсетеді. Жанкүйерлер спортшыларға Qazsport, Qazaqstan, Jibek Joly және «Хабар» арналары арқылы қолдау білдіре алады.
Қазақстандық спортшылардың өнер көрсету кестесі (Астана уақытымен):
13:45 – Шаңғы жарысы, командалық спринт. Бұл сында Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Анна Мельник, Дарья Ряжко, Әмірғали Мұратбеков, Виталий Пухкало және Наиль Башмаков ел намысын қорғайды.
14:00 – Тау шаңғысы спорты, слалом (әйелдер). Жарыс жолына Александра Скороходова шығады.
14:00 – Фристайл-акробатика (әйелдер). Бұл сында Аяна Жолдас өнер көрсетеді.
Айта кетейік, қазіргі уақытта Олимпиаданың жалпы медальдар есебінде Норвегия көш бастап тұр. Олардың қоржынында 31 медаль бар, оның 14-і – алтын. Екінші орында 24 медальмен (9 алтын) Италия, ал үздік үштікті АҚШ құрамасы (21 медаль, 6 алтын) түйіндеп тұр.
Фото: Әлеуметтік желіден
