Израиль үшін соғысқан қазақтар 20 жылға дейін сотталуы мүмкін

Al Jazeera телеарнасының мәліметінше, Израиль армиясының қатарында қос азаматтығы бар 189 қазақстандық қызмет етеді және олардың Газа секторындағы соғыс қимылдарына қатысуы мүмкін, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Жалпы Израиль қорғаныс күштерінде 50 мыңнан астам шетелдік азамат бар. Олардың басым бөлігі – АҚШ, Франция және Ресей азаматтары. БАҚ таратқан деректерде Орталық Азия елдерінен де сарбаздар бары айтылады. Мәселен, тізімде 264 өзбекстандық, 146 әзербайжандық, 112 Түркия азаматы, 52 қырғызстандық және 31 түрікменстандық бар.

Қазақстан заңнамасы бойынша қос азаматтыққа қатаң тыйым салынған. Бұдан бөлек, Қылмыстық кодекстің 172-бабына сәйкес, шетелдегі қарулы қақтығыстарға қатысқаны үшін 5 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Егер азаматтың жалдамалы болғаны дәлелденсе, оған қатысты 170-бап қолданылады. Бұл бап бойынша айыпты деп танылған адам мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейін сотталады. Егер оның әрекеті ауыр зардаптарға әкелсе, жаза 20 жылға дейін ұзартылып, Қазақстан азаматтығынан айырылуы мүмкін.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика