Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Матвей Сафонов «ПСЖ» жеңісінде 7,5 балл алды • Қырғызстандық Муртазали Магомедов UFC-дегі екінші жеңісін алды • Трамп UFC басшысы Дэйна Уайтты Ақ үйдің баспасөз хатшысы етіп ұсынды • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Матвей Сафонов «ПСЖ» жеңісінде 7,5 балл алды • Қырғызстандық Муртазали Магомедов UFC-дегі екінші жеңісін алды • Трамп UFC басшысы Дэйна Уайтты Ақ үйдің баспасөз хатшысы етіп ұсынды • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды •

    Бөгетке балта шапқандар кім: заңсыз қазба 40 метр бетонды бұзды

    Бөгетке балта шапқандар кім: заңсыз қазба 40 метр бетонды бұзды
    Screenshot
    Фото: Видеодан алынған кадр

    Көктем сайын тасқын қаупі күшейетін өзен бойында былтыр ауқымды қорғаныс жұмыстары жүргізілген еді. Игілік, Жаңаталап және Көкбұлақ елді мекендерінің тұсында өзен арнасы реттеліп, 5,3 шақырым жағалау толықтай бетонмен бекітілген. Жобаны жүзеге асыруға бюджеттен 2,7 миллиард теңге бөлініп, нысан желтоқсан айында пайдалануға берілген. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Алайда арада көп уақыт өтпей жатып, стратегиялық маңызы бар гидротехникалық құрылысқа зиян келгені анықталды. Белгісіз тұлғалар өзен арнасынан заңсыз тас қазып алып, қорғаныс бөгетінің тұтастығын бұзған. Соның салдарынан бетонмен бекітілген бөгеттің шамамен 40 метрі қираған.

    Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының мәліметінше, қазір құқық қорғау органдары кінәлілерді анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Мамандар бүлінген нысан мердігер компанияның есебінен қалпына келтірілетінін айтады. Жобаның кепілдік мерзімі — 7 жыл.

    Миллиардтар жұмсалған қорғаныс нысанының тағдыры осылайша заңсыз әрекеттің құрбаны болды. Енді жауаптылар табылып, келтірілген шығын өндірілмесе, тасқыннан қорғайтын бөгеттің өзі қауіп көзіне айналуы мүмкін.

    Видео: Instagram / aigakmedia парақшасынан алынды

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →