Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстандағы фармацевтика ғылымының негізін қалаған Кеңесбай Үшбаев өмірден өтті • Астанадағы қосымша білім беруде QR-код пен Face ID енгізілуде • СҚО халқының тозығы жеткен жолға шағымы көп • Тоқаев Иордан Хашимит Корольдігінің Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді Астана әуежайынан қарсы алды • Астана – Петропавл тасжолында жантүршігерлік жол апатынан үш адам көз жұмды • АҚШ-та қарулы шабуыл: Флоридада екі адам қаза тапты • Қазақстандағы фармацевтика ғылымының негізін қалаған Кеңесбай Үшбаев өмірден өтті • Астанадағы қосымша білім беруде QR-код пен Face ID енгізілуде • СҚО халқының тозығы жеткен жолға шағымы көп • Тоқаев Иордан Хашимит Корольдігінің Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді Астана әуежайынан қарсы алды • Астана – Петропавл тасжолында жантүршігерлік жол апатынан үш адам көз жұмды • АҚШ-та қарулы шабуыл: Флоридада екі адам қаза тапты •

    Елена Рыбакина: «Әлемнің бірінші ракеткасы атану – менің басты мақсатым»

    Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Дубайдағы турнир алдында үлкен мәлімдеме жасады. Ол биыл әлемнің бірінші ракеткасы атануды көздейді.

    Елена Рыбакина: «Әлемнің бірінші ракеткасы атану – менің басты мақсатым»

    Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина биылғы маусымдағы негізгі мақсаты әлемдік рейтингте көш бастау екенін мәлімдеді. WTA рейтингінде 3-орында тұрған спортшы бұл пікірін Дубайдағы турнир алдында білдірді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    «Әлемнің бірінші ракеткасы атану – менің басты мақсатым. Әрине, бәрі басқа ойыншылардың нәтижесіне де байланысты. Маусым ұзақ, сондықтан босаңсуға уақыт жоқ. Күн сайын шеберлікті шыңдап, алға жылжу керек», – деді Рыбакина.

    Елена Дубайдағы турнирді екінші айналымнан бастайды. Оның алғашқы қарсыласы – аустралиялық теннисші Кимберли Биррелл.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →