Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қырғызстандық Муртазали Магомедов UFC-дегі екінші жеңісін алды • Трамп UFC басшысы Дэйна Уайтты Ақ үйдің баспасөз хатшысы етіп ұсынды • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Қырғызстандық Муртазали Магомедов UFC-дегі екінші жеңісін алды • Трамп UFC басшысы Дэйна Уайтты Ақ үйдің баспасөз хатшысы етіп ұсынды • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды •

    Шайдоровтың алтынынан кейін: Олимпиадада бүгін кімдерге жанкүйер боламыз?

    Италиядағы Қысқы Олимпиада ойындары жалғасуда. Бүгін тау шаңғысы, шорт-трек және тұғырдан секіруден спортшыларымыз сынға түседі.

    Шайдоровтың алтынынан кейін: Олимпиадада бүгін кімдерге жанкүйер боламыз?
    file_489.jpg

    Италияда өтіп жатқан Қысқы Олимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар бүгін жарысты жалғастырады. Отандастарымыз спорттың үш түрінен бақ сынайды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Жарыс кестесі Астана уақытымен көрсетілген. Күндізгі сағат 14:00-де тау шаңғысынан Ростислав Хохлов слалом бойынша жарыс жолына шығады. Ал сағат 15:00-де шорт-трек шеберлерінің жарысы басталады. Ерлер арасында 500 метрге Денис Никиша мен Абзал Әжғалиев, ал әйелдер арасында 1000 метрге Ольга Тихонова мұз айдынына шығады.

    Жарыс күнін түнде, сағат 23:00-де тұғырдан шаңғымен секіруден Илья Мизерных пен Данил Васильев қорытындылайды. Олар командалық сында өнер көрсетеді.

    Отандастарымыздың жарыстарын Qazsport, Qazaqstan, Jibek Joly және «Хабар» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.

    Қазіргі уақытта жалпы медальдар есебінде Норвегия құрамасы (26 медаль, оның 12-сі алтын) көш бастап тұр. Екінші орында алаң иелері Италия (22 медаль, 8-і алтын), ал үздік үштікті АҚШ (17 медаль, 5-і алтын) түйіндеді.

    Еске сала кетейік, мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровтың тарихи жеңісінің арқасында Қазақстан бір алтын медальмен Бразилиямен бірге 17-орынды бөлісіп тұр. Италиядағы Олимпиада медалін бүгінге дейін 25 елдің өкілі иеленді.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →