Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 469,0 542,1 5,75
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Дунай деңгейінің төмендеуі 1944 жылы батқан нацистік кемелерді ашты Қазақстанда 9 тамызда екі орман өрті тіркелді Батыс Қазақстанда рейстік автобус өртеніп, 37 жолаушы эвакуацияланды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Дунай деңгейінің төмендеуі 1944 жылы батқан нацистік кемелерді ашты Қазақстанда 9 тамызда екі орман өрті тіркелді Батыс Қазақстанда рейстік автобус өртеніп, 37 жолаушы эвакуацияланды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды

    Олимпиададағы алтыннан кейін кімдерге үміт артамыз: 14 ақпан кестесі

    Олимпиадада алтын медаль алғаннан кейін Қазақстан 15-орынға көтерілді. 14 ақпанда жарысқа шығатын спортшыларымыздың толық кестесі.

    Олимпиададағы алтыннан кейін кімдерге үміт артамыз: 14 ақпан кестесі
    file_471.jpg

    Фигуралық сырғанаудан Михаил Шайдоровтың алтын медалінен кейін Қазақстан құрамасы жалпы есепте 15-орынға көтерілді. Бүгін, 14 ақпанда отандастарымыз бірнеше спорт түрінен бақ сынайды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Жарыс күнін Астана уақытымен 14:00-де тау шаңғышысы Ростислав Хохлов бастайды. Ол гиганттық слалом бойынша іріктеу сынына қатысады. Одан кейін 14:30-да могулшы қыздарымыз Юлия Галышева, Анастасия Городко және Аяулым Әмренова жұптық сында өнер көрсетеді.

    Сағат 16:00-де әйелдер арасында шаңғы эстафетасы өтеді. Бұл жарыста ел намысын Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Анна Мельник және Дарья Ряжко қорғайды. Ал 18:45-те биатлоннан 7,5 шақырымдық спринтте Милана Генева мен Айша Рақышева бақ сынайды.

    Кешкі бағдарламаны конькишілер жалғастырады. 20:00-де әйелдер арасындағы командалық жарысқа Надежда Морозова, Арина Ильященко, Кристина Силаева және Елизавета Голубева қатысады. Бір сағаттан соң, яғни 21:00-де ерлер арасында 500 метрге жарысудан Евгений Кошкин мұз айдынына шығады. 22:45-те тұғырдан шаңғымен секіруден Данил Васильев пен Илья Мизерных өнер көрсетеді.

    Жарыс күнін 15 ақпанға қараған түні сағат 01:00-де шорт-трекші Ольга Тихонова 1000 метрлік қашықтықтағы бәсекемен түйіндейді.

    Қазақстандық спортшылардың жарыстарын сағат 16:00-ден бастап «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

    Еске сала кетейік, Михаил Шайдоровтың мәнерлеп сырғанаудан алған алтын медалінің арқасында Қазақстан жалпы есепте 15-сатыға жайғасты. Қазіргі таңда медальдар саны бойынша Норвегия (18 медаль, 8 алтын), Италия (18 медаль, 6 алтын) және АҚШ (14 медаль, 4 алтын) көш бастап тұр.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →