Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қырғызстандық Муртазали Магомедов UFC-дегі екінші жеңісін алды • Трамп UFC басшысы Дэйна Уайтты Ақ үйдің баспасөз хатшысы етіп ұсынды • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Қырғызстандық Муртазали Магомедов UFC-дегі екінші жеңісін алды • Трамп UFC басшысы Дэйна Уайтты Ақ үйдің баспасөз хатшысы етіп ұсынды • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды •

    Михаил Шайдоров Олимпиадада шешуші сынға шығады: 13 ақпандағы кесте

    13 ақпанда Италиядағы Олимпиадада қазақстандық спортшылар жарысқа шығады. Басты назарда – мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровтың шешуші сыны.

    Михаил Шайдоров Олимпиадада шешуші сынға шығады: 13 ақпандағы кесте
    file_458.jpg

    13 ақпанда Италияда өтіп жатқан Қысқы Олимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар бірнеше спорт түрінен сынға түседі. Бүгінгі жарыс күнінің басты оқиғасы – мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровтың жүлдеге таласуы, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Жарыстарды Qazsport, Qazaqstan, Jibek Joly және «Хабар» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. Спортшыларымыздың өнер көрсету кестесі (Астана уақытымен) төмендегідей:

    15:45 – Шаңғы жарысы, жекелей сын (ерлер). Бұл сында еліміздің намысын Әмірғали Мұратбеков, Виталий Пухкало және Наиль Башмаков қорғайды.
    18:00 – Биатлон, спринт (ерлер). Бұл бәсекеде Владислав Киреев пен Әсет Дүйсенов бақ сынайды.
    23:00 – Мәнерлеп сырғанау, еркін бағдарлама (ерлер). Баршаның назары Михаил Шайдоровтың өнерінде болмақ.

    Қазіргі уақытта Олимпиаданың жалпы медаль есебінде Норвегия құрамасы 14 медальмен (7 алтын) көш бастап тұр. Екінші орында 17 медалі (6 алтын) бар алаң иелері Италия, ал үшінші сатыда 14 медальмен (4 алтын) АҚШ орналасқан.

    Осы уақытқа дейін еліміздің спортшылары арасындағы ең үздік нәтижені конькиші Надежда Морозова көрсетті. Ол 3000 метрге жарысудан алтыншы орынға ие болды.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →