Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы •

    Ресей WhatsApp-ты бұғаттады: Роскомнадзор жабдығы Telegram-ға төтеп бере алмады

    Ресейде WhatsApp пен YouTube толығымен бұғатталды. Сарапшылар мұны Роскомнадзордың Telegram-ды шектеуге күшін жұмылдыру әрекетімен байланыстырады.

    Ресей WhatsApp-ты бұғаттады: Роскомнадзор жабдығы Telegram-ға төтеп бере алмады
    file_454.jpg

    Ресейде WhatsApp мессенджері мен YouTube видеохостингі толығымен бұғатталды. Енді бұл сервистерге VPN-сіз кіру мүмкін емес, себебі олардың домендері Ұлттық домендік атаулар жүйесінен алынып тасталды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Бұл дегеніміз – ел ішіндегі құрылғылар бұл ресурстардың IP-мекенжайын «көре» алмайды, яғни сервистер толықтай істен шықты. «Коммерсантъ» басылымының жазуынша, мұндай шектеу – іс жүзінде толық бұғаттауды білдіреді.

    РБК сарапшылары бұл қатаң шараны техникалық қиындықтармен байланыстырады. Олардың пікірінше, Роскомнадзордың жабдықтары бір мезгілде YouTube, WhatsApp және Telegram-ға жасалған қысымға төтеп бере алмаған. Сондықтан ведомство өз ресурстарын Telegram-ды тиімдірек шектеуге жұмылдыру үшін алдыңғы екі сервисті толықтай бұғаттауды жөн көрген.

    Дегенмен, Роскомнадзордың ресми мәлімдемесі басқаша. Мекеме бұл тыйымдардың біртіндеп енгізіліп жатқанын алға тартады.

    «Бұл сервистер деректер қауіпсіздігі саласындағы Ресей заңнамасын орындамағандықтан, осындай шаралар кезең-кезеңімен қабылдануда», — деп хабарлады ведомство.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →