Тоқаев Иран Президентін Ислам Революциясы күнімен құттықтады

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Иран президентіне құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Масуд Пезешкианды Иранның төл мерекесі – Ислам Революциясы күнімен құттықтады.

Президент екі ел арасындағы қарым-қатынас қос халықтың игілігі жолында қарқынды дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Масуд Пезешкианның жауапты қызметіне толағай табыс, ал Иран халқына құт-береке тіледі.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика