Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Атыраудағы сүру жұмыстары тұрғындардың наразылығын тудырды • Зейнуллинов Қазақстан чемпионатының жартылай финалында жеңілді • Қазақстан Президенті мен Иордания Королі келіссөз жүргізді • Астаналық актер Диас Қалдыбеков «Голодные игры» франшизасының жаңа фильміне түседі • Ақордада Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді қарсы алу рәсімі өтті • Қазақстандағы фармацевтика ғылымының негізін қалаған Кеңесбай Үшбаев өмірден өтті • Атыраудағы сүру жұмыстары тұрғындардың наразылығын тудырды • Зейнуллинов Қазақстан чемпионатының жартылай финалында жеңілді • Қазақстан Президенті мен Иордания Королі келіссөз жүргізді • Астаналық актер Диас Қалдыбеков «Голодные игры» франшизасының жаңа фильміне түседі • Ақордада Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді қарсы алу рәсімі өтті • Қазақстандағы фармацевтика ғылымының негізін қалаған Кеңесбай Үшбаев өмірден өтті •

    Қарағандыда жаңадан салынған үйді су басып, тұрғындар әбігерге түсті

    Қарағандыда жаңадан салынған үйді су басып, тұрғындар әбігерге түсті
    Screenshot

    Қарағанды қаласындағы “Амадина” тұрғын үй кешенінде көктемгі жылымықпен бірге күрделі мәселе шықты. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Тұрғындардың айтуынша, күннің жылынуына байланысты шатыр сыр беріп, үй ішін су баса бастаған. Соның салдарынан подъездерге дейін су ағып, ортақ аумақтар жарамсыз күйге түскен. Бейнежазбадан төбеден сорғалаған су мен еденге жиналған көлшіктер анық көрінеді.

    Тұрғындар жаңа баспана аларда жайлылық пен сапаға сенім артқанын айтады. Алайда іс жүзінде олар ескі үйлерге тән мәселелермен — шатырдың ағуы, ылғал мен мүлікке төнген қауіппен бетпе-бет келген. Мұндай жағдайда қала әкімдігі тарапынан құрылыс сапасын бақылау мен қабылдау жұмыстарына қатысты сұрақтың туындауы заңды.

    Қазір тұрғындар жауапты мекемелерден нақты шара қабылдауды талап етіп отыр.

    Видео: 5news.kz

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →