Фото: instagram/rozarymbaev
Өнер иесі кештен түскен қаражат «Балаларды реаблитациялық емдеу қорына» жіберілетінін мәлім етті. «Қазақ эстрадасының примадоннасы» атанып кеткен әнші, Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева сахнада жүргеніне 50 жыл толуына орай Республика сарайында ән кешін өткізді. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.
Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева Алматыда өтетін концертінен түскен табысты мүгедек балаларды қолдау үшін жібереді. Бұл туралы ол Youtube-тегі Тимур Балымбетов арнасына берген сұқбатында айтты.
7 ақпанда Алматыдағы Республика сарайында Роза Рымбаева сахнада ән айтып жүргеніне 50 жыл толуына орай мерейтойлық концерт өткізді. Халық әртісі концерттен түскен қаржыны қайырымдылыққа жұмсауды жөн көрген.
«Бұл концертімізде түсетін ақшаны да қайырымдылыққа жұмсаған жөн көріп отырмыз. Мүгедек балаларды қолдауға жібереміз. Билеттен түскен ақша олардың шотына аударылады. Осындай игі істі жасайтын мүмкіндігіміз барына шын қуаныштымын», – деді әнші.
