Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады

    Еңбек министрі Тоқаевқа есеп берді: Жәрдемақы алушылар жұмысқа міндеттеледі

    Президент Тоқаев Еңбек министрін қабылдады. Енді еңбекке жарамды азаматтар әлеуметтік көмек алу үшін міндетті түрде жұмыспен қамтылуы мүмкін.

    Еңбек министрі Тоқаевқа есеп берді: Жәрдемақы алушылар жұмысқа міндеттеледі
    file_418.jpg

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевты қабылдап, ведомствоның биылғы негізгі жұмыс бағыттарын талқылады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Министрдің баяндауынша, ендігі басты мақсат – уақытша шаралардан гөрі тұрақты әрі сапалы жұмыс орындарын құру. Ол үшін білім беру жүйесі мен еңбек нарығының сұранысы арасындағы байланысты күшейту жоспарланып отыр. Әсіресе, жастарды, соның ішінде NEET санатындағы азаматтарды жұмыспен қамтуға ерекше назар аударылады.

    Сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек көрсету жүйесіне елеулі өзгеріс енгізілмек. Министрлік көмекке мұқтаж отбасыларды цифрлық құралдар арқылы дәл анықтап, қолдау шараларының нақты адреске жетуін қамтамасыз етпек.

    «Біз көмек алатын, бірақ еңбекке жарамды азаматтарды міндетті түрде жұмыспен қамтитын әлеуметтік келісімшарт тәжірибесін кеңейтуді көздеп отырмыз», – деп атап өтті Асқарбек Ертаев.

    Кездесуде зейнетақы жүйесінің ұзақ мерзімді тұрақтылығын сақтау және мүгедектігі бар тұлғаларды әлеуметтік қорғау мәселелері де талқыланды. Бұл бағытта арнаулы әлеуметтік қызметтерді жан басына қарай қаржыландыру, оңалту құралдарының қолжетімділігін арттыру және инклюзивті жұмыс орындарын ашу қарастырылған.

    Сонымен қатар министр 2030 жылға дейінгі Көші-қон саясаты тұжырымдамасы туралы айтты. Оның аясында ішкі миграцияны реттеп, елдің еңбек нарығын қорғауға басымдық беріледі.

    Президент жиын соңында халықты жұмыспен қамту, азаматтардың табысын арттыру, әлеуметтік қолдаудың шын мұқтаж жандарға жетуін бақылауды күшейту және теңгерімді көші-қон саясатын іске асыру бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →