Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қайрат» Италияда «Аталантамен» 1:1 есебімен тең түсті • «Бернли» бапкері Дастан Сәтбаевтың жарақаты туралы: алаңға қашан оралатыны белгісіз • Брюс Будро Овечкинді Хоккей даңқы залына үш үміткердің бірі деп атады • Канадалық журналист CAS-тің Ресейді хоккейге қайтару туралы түсіндірмесіне жауап берді • Шымкенттегі «Жұлдыз» индустриалды аймағы теміржол желісімен қамтылды • Таразда бокстан Қазақстан чемпионатының барлық финалдық жұптары белгілі болды • «Қайрат» Италияда «Аталантамен» 1:1 есебімен тең түсті • «Бернли» бапкері Дастан Сәтбаевтың жарақаты туралы: алаңға қашан оралатыны белгісіз • Брюс Будро Овечкинді Хоккей даңқы залына үш үміткердің бірі деп атады • Канадалық журналист CAS-тің Ресейді хоккейге қайтару туралы түсіндірмесіне жауап берді • Шымкенттегі «Жұлдыз» индустриалды аймағы теміржол желісімен қамтылды • Таразда бокстан Қазақстан чемпионатының барлық финалдық жұптары белгілі болды •

    Астанада -23 градус аяз, Шымкентте +16: Үш мегаполисте ауа райы қандай болады?

    Алдағы үш күнде Қазақстанның ірі қалаларында ауа райы құбылмалы болады. Астанада 23 градус аяз, ал Шымкентте +16 градусқа дейін жылы.

    Астанада -23 градус аяз, Шымкентте +16: Үш мегаполисте ауа райы қандай болады?
    file_414.jpg

    «Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, еліміздің ірі қалаларында күн райы айтарлықтай құбылмалы болады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Астана қаласы бойынша:

    8 ақпанда күн бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы түнде секундына 3-8 метр, күндіз 9-14 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -21-23°C, күндіз -7-9°C градус аяз.

    9 ақпанда күн бұлтты, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, бұрқасын соғып, көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -8-10°C, күндіз -1…+1°C.

    10 ақпанда көшпелі бұлтты, мезгіл-мезгіл жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, бұрқасын соғып, көктайғақ сақталады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, екпіні 15-20 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде және күндіз -1…+1°C шамасында болады.

    Алматы қаласы бойынша:

    8 ақпанда көшпелі бұлтты, түнде қар жауып, тұман түседі. Көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 2-7 метр, күндіз екпіні 10 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде -2-4°C, күндіз +1+3°C.

    9 ақпанда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 0…-2°C, күндіз +7+9°C жылы.

    10 ақпанда көшпелі бұлтты, жауын-шашын күтілмейді. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде +1+3°C, күндіз +8+10°C.

    Шымкент қаласы бойынша:

    8 ақпанда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 8-13 метр. Ауа температурасы түнде 0…-2°C, күндіз +12+14°C жылы.

    9 ақпанда көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундына 8-13 метр, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +5+7°C, күндіз +14+16°C.

    10 ақпанда күн бұлтты, мезгіл-мезгіл жаңбыр жаууы мүмкін. Оңтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундына 8-13 метр, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +6+8°C, күндіз +10+12°C болады.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →