Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Милан-2026: 8 ақпанда кімдерге жанкүйер боламыз? Спортшылардың толық тізімі

    8 ақпанда Милан-2026 қысқы Олимпиадасында қазақстандық спортшылар скиатлон және биатлоннан жарысқа шығады. Жарыс кестесі мен спортшылар тізімі.

    Милан-2026: 8 ақпанда кімдерге жанкүйер боламыз? Спортшылардың толық тізімі
    file_413.jpg

    Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтетін XXV қысқы Олимпиада ойындарында 8 ақпанда қазақстандық спортшылар жарыс жолына шығады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Бұл күні Қазақстан құрамасы спорттың екі түрінен: скиатлон және биатлоннан бақ сынайды. Жанкүйерлер отандастарымыздың өнерін «Qazsport» телеарнасының тікелей эфирінен тамашалай алады.

    8 ақпанға арналған жарыс кестесі (Астана уақытымен):

    16:30. Шаңғы жарысы, скиатлон. Еліміздің намысын Амирғали Мұратбеков, Виталий Пухкало және Наиль Башмаков қорғайды.

    18:00. Биатлон, аралас эстафета 4х6 км, финал. Бұл сында Әсет Дүйсенов, Владислав Киреев, Айша Рақышева және Милана Геневадан құралған командамыз жүлдеге таласады.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →