Басты бет » Италияда Қысқы Олимпиада басталды: Қазақстан туын екі спортшы алып шықты

Италияда Қысқы Олимпиада басталды: Қазақстан туын екі спортшы алып шықты

file_409.jpg

Италияда Қысқы Олимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ел намысын қорғайтын спортшыларымыз да жарыс жолына шығуға дайын, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Бұл жолғы ашылу салтанатының ерекшелігі – ол бірнеше қалада қатар өтті. Осыған байланысты Қазақстанның мемлекеттік туын екі спортшымыз алып шығу мәртебесіне ие болды.

Милан қаласында өткен ұлттар шеруінде көк байрақты шорт-трек шебері Денис Никиша ұстаса, Ливиньо коммунасындағы рәсімде фристайл-могулдан сынға түсетін Аяулым Әміреноваға сенім артылды.

Олимпиада ойындары 6 ақпаннан 22 ақпанға дейін жалғасады. Дүбірлі додада Қазақстан атынан 10 спорт түрінен 36 атлет (18 ер және 18 әйел) бақ сынайды.

Фото: ҰОК

Мақаланы бағалаңыз 👇

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика