Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 30 тамыз 2026 $ 463,4 539,7 5,42
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Талғарда 8 жасар қызға қатысты жыныстық сипаттағы әрекет жасамақ болған ер адам ұсталды Еркебұлан Тоқтар гонорарын жариялады: бір жекпе-жек 40-50 млн теңге Ақмола облысында ер адам қозғалып бара жатқан вагонның астына түсті «Миссия орындалды»: Динара Сәтжан көптен күткен қуанышымен бөлісті БАӘ-де қаза тапқан екі қазақ қызының денесі елге жеткізілді «Құлағалы тұр»: Абай облысында тұрғындар қауіпті аялдаманы жөндеуді талап етті Талғарда 8 жасар қызға қатысты жыныстық сипаттағы әрекет жасамақ болған ер адам ұсталды Еркебұлан Тоқтар гонорарын жариялады: бір жекпе-жек 40-50 млн теңге Ақмола облысында ер адам қозғалып бара жатқан вагонның астына түсті «Миссия орындалды»: Динара Сәтжан көптен күткен қуанышымен бөлісті БАӘ-де қаза тапқан екі қазақ қызының денесі елге жеткізілді «Құлағалы тұр»: Абай облысында тұрғындар қауіпті аялдаманы жөндеуді талап етті

    96 млн теңге: ұлынан айырылған петропавлдық әке ақшаны өзге балаларға таратып жіберді

    96 млн теңге: ұлынан айырылған петропавлдық әке ақшаны өзге балаларға таратып жіберді
    Фото: видеодан кадр

    СҚО-да ерекше оқиға орын алды. Қара жамылған әке блогерлер секілді елді алдамай, адалдықтың үлгісін танытты. Данияр есімді жігіттің ұлына ел болып қаржы жинаған. Алайда балаға ем қонбай қайтыс болған. Қайғылы оқиғадан кейін жеті күн өткен соң баланың әкесі Данияр бейнеүндеу жариялап, халықтың көрсеткен қолдауына алғыс айтты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Оның сөзінше, Әлтайырдың еміне жиналған қаражаттың жұмсалмай қалған бөлігі 96 миллион теңгені құраған. Аталған сома қазіргі таңда емге мұқтаж, қаржы жинап жатқан басқа балаларға үлестірілген.

    «Ұлымыздан айырылғанымызға жеті күн өтті. Емге жиналған қаражаттың ішінен 96 миллион теңге қалды. Сол қаржыны көмекке зәру балаларға бөліп беруді жөн көрдік», – деді ол.

    Даниярдың мәліметінше, қаражат мынадай тәртіппен таратылған:
    – Аяна Нұртаеваға – 45 млн теңге;
    – Алмаз Түсіпбекке – 25 млн теңге;
    – қалған бөлігі Дарья есімді қызға берілген.

    Сөз соңында ол отбасы атынан қолдау білдірген барша қазақстандықтарға ризашылығын жеткізіп, ауыр кезеңде көрсетілген қаржылай әрі моральдық демеудің зор маңызға ие болғанын атап өтті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →