Құлсары қаласындағы Пушкин атындағы мектепте оқушы басқа баланы балтамен қуған видеосы тарады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желіде оқу орнының ішінде түсірілген видео жарияланды. Кадрлардан қолына балта ұстаған жасөспірімнің мектеп дәлізімен жүгіріп бара жатқанын, ал басқа оқушының асығыс сыныптардың біріне кіріп жасырынғанын көруге болады.
Желі қолданушыларының айтуынша, балтамен жүгірген оқушы 10-сыныпта оқиды. Бұл жайт қоғамда үлкен талқыға түсіп, ата-аналардың алаңдаушылығын тудырды. Оқиғаның нақты себебі әзірге белгісіз.
Фото: Әлеуметтік желіден
