Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды

    Арқалықтағы жантүршігерлік жарылыс: бір адам көз жұмып, әйел жансақтауда жатыр

    Қостанай облысының Арқалық қаласында төрт пәтерлі тұрғын үйде газ жарылды. Салдарынан бір ер адам көз жұмып, бір әйел ауыр халде жатыр.

    Арқалықтағы жантүршігерлік жарылыс: бір адам көз жұмып, әйел жансақтауда жатыр
    file_386.jpg

    Қостанай облысының Арқалық қаласындағы тұрғын үйде газ жарылып, бір адам қаза тапты, тағы бір тұрғын ауыр халде ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Қайғылы оқиға 29 қаңтарға қараған түні Арқалық қаласының Северный кентіндегі төрт пәтерлі үйде болған. Жарылыс салдарынан ғимаратқа айтарлықтай зақым келген. Үйдің шатыры опырылып, бірнеше пәтердің қабырғасы қираған.

    Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті аталған жайтты растады. Ведомствоның хабарлауынша, газ-ауа қоспасының жарылуынан кейін өрт шықпаған.

    «Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндіру бөлімшелері жарылыс салдарынан шатырдың опырылғанын анықтап, бірден үйінділерді тазалау жұмысына кірісті. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр», — деп хабарлады департамент.

    Құтқарушылар келгенге дейін оқиға орнынан күйік шалған екі адам ауруханаға жеткізілген: 1979 жылы туған ер адам және 1984 жылы туған әйел.

    Кейінірек Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасы ер адамның ауруханада көз жұмғанын мәлімдеді.

    «1979 жылы туған ер адам медицина қызметкерлері көрсеткен шараларға қарамастан қайтыс болды. 1984 жылы туған әйел санитарлық авиация арқылы Қостанай облыстық ауруханасына жеткізіліп, қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Науқастың жағдайы ауыр, бірақ тұрақты. Ол тәулік бойы мамандардың бақылауында», – деп нақтылады ведомство.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →